Махмет Қайырбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі

Выберите школу
Қазақша
Қазақша Орысша

+7(71841) 21559

Басты Жаңалықтар «Оқуға құштар мектеп» жобасы: мақсат айқын, жол жарқын
«Оқуға құштар мектеп» жобасы: мақсат айқын, жол жарқын

Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы.

Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы.

Шығыс ойшылы Науаи: «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» десе, Абай атамыз «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп насихаттайды.

 Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев  өз сөзінде кітап оқу арқылы әлемге деген қызығушылық мектеп қабырғасынан қалыптасуы тиіс екенін атап өтті.
Бұл тапсырманы орындау үшін «Оқуға құштар мектеп» жобасы енгізілді.

Оқуға құштар мектеп» жобасы оқушылардың, ата – аналардың арасында оқу сауаттылығын қалыптастыру мен жетілдіру, оқу мәдениетінің деңгейін арттыруға және оқуды насихаттауға бағытталған.

Жоба аясында отбасылық оқудың жарқын дәстүрлерін жаңғырту, оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру, кітапхана қорын көркем әдебиетпен толықтыру. Махмет Қайырбаев мектеп кітапханасында жас оқырмандарға Қазақтың ұлы лирикі Мұқағали Мақатевқа презентация өткізілді, «Тарихқа тағзым» кітап көрмесі ұйымдастырылды, сонымен қатар Менің сүйікті ертегілер атты сайыс жүргізілді

Кітапхана меңгерушісі :        Ж.Қ.Магзумова

Выберите школу
x