Махмет Қайырбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі

Выберите школу
Қазақша
Қазақша Орысша

+7(71841) 21559

Басты Жаңалықтар Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 орта мектебі бірлесе отыра «Қайсар рухты, ер Қайрат» тақырыбында қашықтық форматта танымдық конференциясы өткізілді.
Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 орта мектебі бірлесе отыра «Қайсар рухты, ер Қайрат» тақырыбында қашықтық форматта танымдық конференциясы өткізілді.


Іс-шара Желтоқсан оқиғасының бас құрбаны Қайрат Рысқұлбековтың 55 жылдық мерейтойына арналды. Конференция қос мектептің директорлары Серік Ғабдоллаұлы мен Алтын Ныкатовнаның құттықтау ізгі тілектерімен ашылды. Іс-шараға екі мектептің ұстаздар қауымы мен мектеп оқушылары қатысты. Семей қаласының Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 орта мектебінде 2006 жылы Қайрат Рысқұлбековқа арналған мұражай ашылған болатын. Осы шара барысында оқушылар назарына мектеп мұражайына саяхат ұсынылып, мұражай қорындағы Қайрат Рысқұловтың киімдері, жазған соңғы хаттары конференция қатысушыларының назарына ұсынылып, таныстырылды.
Сондай-ақ конференцияны екі мектептің арнайы дайындаған шағын мерекелік концерттік бағдарламалары ары қарай жалғады. Біздің мектептен Кульжази Айкун «Түрме», Атейхан Жібек, Валиев Ернур, Тохтар Аяна «Атамекен » өлеңдерін нақшысына келтіріп, мәнерлеп оқып барша ұстаздар мен оқушылардың қошеметіне ие болды. Танымдық конференцияны ұйымдастыруға арқау болып, барынша қолдау көрсеткен Семей қаласының Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 орта мектебінің директоры Серік Ғабдоллұлына мектеп әкімшілігі атынан шексіз алғысымызды білдіреміз!

Выберите школу
x